Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда жастары айтысты жаңғыртуды ұсынды

Қызылорда жастары айтысты жаңғыртуды ұсынды

Kyzylorda-news.kz. Айтыстың жаңа форматы! Қызылорда жастары «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарымен кездесуде ұлттық өнерді жаңғырту жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Astanatv.kz.

Кездесуде бала күннен қаржылық сауаттылықты арттыру, отандық мультипликацияны дамыту мәселелері де қозғалды.
Қызылорда жастары партия төрағасының бірінші орынбасарымен кездесуге бірнеше ұсыныс дайындаған. Соның бірі – жоғары сынып бағдарламасына қаржылық сауаттылық пен экономика пәнін қосу. Ал мектепке дейінгі дайындық мекемелерінде қазақ тіліндегі мультфильмдер санын арттыру керек деп есептейді. Бұл ретте анимациялық туындылардың тәрбиелік мәні зор болуы тиіс. Бауыржан Байбек әсіресе айтысты жаңғыртуға қатысты ұсынысты ерекше қолдайтынын білдірді.
«Айтысты қолдаймыз. Елбасы айтты, "Nur Otan" партиясы - халықтың партиясы. Біз айтпай-ақ , "Nur Otan" партиясы халықты біріктіру керек. Елбасы тапсырмасымен айтысты қолдадық. Қазір де оны әрі қарай жаңғыртамыз. Бірінші айтыс күзде бізде Алматыда басталады. Қаражат мәселесі шешілді. Ай сайын айтысты өңірлерде өткіземіз», - деді "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Қызылордадағы 25-і кезектен тыс конференцияда Бауыржан Байбек партия қатарын сауатты кадрлармен толықтыруды тапсырды. Қоғамдық қабылдаудың беделін арттырып, халықпен формальды түрде емес, ашық кездесулер өткізіңдер деді.
«Әлеуметтік желіде де үнсіз қалуға болмайды. "Нұр Отан" проблемалық мәселелер туралы уақытында пікір білдіріп. Өз позициясын нақтылап отыруы керек. Халықтың сауалдарына жауап беру керек. Партия сынауды, сынды қабылдауды үйреніп, мәселені елмен талқылауы тиіс. Партияның өз ішінде елді алаңдататын маңызды проблемалардың шоғырын қалыптасқаны қажет», - дейді Бауыржан Байбек.
Жиында облыстық партия филиалының жаңа төрағасын сайлады. Енді оны Қызылорда облысының жаңа әкімі Қуанышбек Ысқақов басқарады.

11 шілде 2019 ж. 359 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области