ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ
«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалында «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
Шараны «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Д.Буханов ашып жүргізді.
Шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұршат Наурызбаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғ.Нысанбаев, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Ә.Құлдүйсенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдаулетов, партия белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Басқосу барысында Ә.Құлдүйсенов, Қ.Есдаулетов, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.
Шараны «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов қорытындылады.