"КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ - КЕМЕҢГЕР ЕЛБАСЫМЕН"
Арал ауданында 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, "Кемел келешекке - кемеңгер Елбасымен" атты "Жас Отан" Жастар қанатының аудандық слеті өтті.
Слетке "Жас Отан" Жастар қанатының облыстан жəне аудандардан келген өкілдері қатысты. Слетті "Нұр Отан" партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Қанатов ашып, "Жас Отан" Жастар қанатының өкілдерін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Сонымен қоса, Қызылорда қалалық "Жас Отан" Жастар қанатының басшысы Талғат Тілес өз лебізін білдіріп, Жастар қанатының аудандардағы жетекшілеріне "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаевтың Алғыс хатын табыс етті.
Шара аудандық өнерпаздардың əн-шашуымен жалғасып, "Жас Отан" Жастар қанатының Арал аудандық бөлім басшысы Əнуар Тоқтамысұлы слетке қатысушыларға өзінің алғысын білдірді.