Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шоколадтың біз білмейтін қандай пайдасы бар?

Шоколадтың біз білмейтін қандай пайдасы бар?

Дүниежүзілік шоколад күні дәрігерлер шоколадты қашан және қанша жеу керектігін айтты
Kyzylorda-news.kz. Шоколадты күнде жеуге болады, бірақ белгілі бір мөлшерде және белгілі бір уақытта, деп хабарлайды Sputniknews.kz.
Шоколадты қашан жеуге болады?
Қою қара шоколадты күнделікті жесе де, денсаулыққа зияны тимейді, бірақ оны түске дейін жеген абзал.
Себебі шоколад - жоғары калориялы өнім, сонымен бірге құрамында адамның ұйқысын қашыратын алкалоидтар бар.
Шоколадтың пайдасы
Сеченов университетінің поликлиникалық терапия кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Алексей Буеверовтың пікірінше, құрамындағы какао мөлшері 50 проценттен кем емес қою қара шоколадты күн сайын 50 грамнан ғана жеген жөн. Ауыр жұмыс істейтін немесе спортпен шұғылданатындарға көбірек жеуге болады.
Қою қара және сүтті шоколадтың энергетикалық құндылығы бірдей, деп санайды диетолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Елена Ливанцова.
Дегенмен қою қара шоколадтың пайдасы көбірек, себебі құрамында какао мол болғандықтан, пайдалы заттарға бай.
"Қазір қою қара шоколад құрамындағы биофлавоноидтер жан-жақты зерттеліп жатыр. Олардың холестерин айналымына оң әсері анықталып жатыр, яғни шоколадтың құрамында май болса да, холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі", - деп түсіндірді Ливанцова.
Шоколад адам ағзасына энергия беріп қана қоймай, жақсы көңіл-күй сыйлайды, сондай-ақ бауырды қорғайды.
Шоколадтың зияны
Шоколадты ұйқы безі ауруына шалдыққандарға жеуге болмайды.
Шоколадты шамадан тыс көп жесе, адамның салмағы артып, көмірсутек айналымы бұзылуы мүмкін, сонымен бірге шоколад асқазанды ауыртып, ішті кептіреді, тісте қаңғұрт пайда болуы мүмкін екенін де ұмытпау қажет.
13 шілде 2019 ж. 1 002 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области