Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Азаматтарға салықтық рақымшылық жасауды көздейтін заң 16 шілдеде күшіне енеді

Азаматтарға салықтық рақымшылық жасауды көздейтін заң 16 шілдеде күшіне енеді

Kyzylorda-news.kz. Азаматтарға салықтық рақымшылық жасауды көздейтін заң осы жылдың 16 шілдесінде күшіне енеді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Байеділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тұңғыш Президент - Елбасы жеке тұлғалар өздерінің салықтары бойынша борышының негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды есептен шығарып, олар үшін салықтық рақымшылық жүргізуді Үкіметке тапсырғанын барлығыңыз білесіздер. Бүгінгі таңда салықтық рақымшылық жүргізуді көздейтін тиісті заңдарға Мемлекет басшысы қол қойды және ол 5 шілдеде ресми жарияланды. Яғни, 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі», - деді вице-министр.
Қанат Байеділовтің айтуынша, салықтық рақымшылық жүргізу қағидалары Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілетін болады және жақын арада барлық аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің назарына жеткізіледі.

12 шілде 2019 ж. 314 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области