Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "Ұрласа ұрласын": Жанболат пен Жазираның әнін қырғыздар өзгертпей орындаған (видео)

"Ұрласа ұрласын": Жанболат пен Жазираның әнін қырғыздар өзгертпей орындаған (видео)

Kyzylorda-news.kz. Жанболат пен Жазираның әнін қырғыздар көшіріп алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Жұлдызды жұптың орындаған әнінің әуенін қырғыз ағайындар көшіріп алған. Бұл туралы бейнежазба желідегі парақшаларда кең тарады. Бейнежазбада қырғыз ағайындардың Жанболат Пен Жазираның әніне жаңа сөз жазып, орындап жүргені салыстыра сипатталған.
Желіде тараған жаңалықтарда Жанболат пен Жазира қырғыз әншілерін сотқа бермек делінген. Алайда, Жазира Байырбекова бұл ақпаратты жоққа шығарып, пікірін білдірді.
"Біздің әнімізді орындағаны үшін сотқа беру біздің табиғатымызда жоқ. Қырғыз әншілерін кім екен сотқа бергісі келіп жүрген? Ән үшін әншіні соттауға түбегейлі қарсымын!" - дейді Жазира Байырбекова.
Бұл бейнежазбаны көрген желідегі жұрт қырғыздардан біздікілер де ән ұрлап жүр сондықтан онда тұрған ештеңе жоқ деп сабырлық сақтаған.
"Берген шығар ақшасын", "Ұрласа ұрласын", "Әуенін бұзбай, нақышына келтіріп орындаса не болыпты", "Біздің әндеріміз әдемі, сондықтан қызығушылық танытатын шығар", "Алмасып тұрыңдар", - деп пікір білдірді жұрт.


15 шілде 2019 ж. 368 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области