Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 16 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Мақсатыңызды анықтап алу қиынға соғады. Ал мақсатыңызды айқындап алғаннан кейін оған жету жолын қарастыру одан да қиынға соғуы мүмкін. Барлық істі ысырып қойғыңыз келеді. Алайда уақыт тығыз, шаруаларды тез арада бітіру қажет.
Торпақ
Барлығы сіз ойлағандай емес. Жоспарыңыз іске аспайды. Сондықтан көп шатасып, жаңылысуыңыз мүмкін. Дәл қазіргі сәтті еске досыңыздың ақыл-кеңесі керек-ақ. Өзіңіз де мәселені шеше аласыз, алайда ол үшін көп уақыт қажет.
Егіздер
Керемет күн. Зеректігіңіздің арқасында мақсатқа жетудің оңай, әрі, жеңіл жолын табасыз. Көп адамдар сізге көмектескісі келеді. Бірақ «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген қағиданы естен шығармаңыз. Жеке бастың шаруасы мен жұмысты араластырмаңыз.
Шаян
Қызық. Бүгін сізге елеусіз жүрген жене сенуге болмайтын адамдар ұнайды. Мұны өзіңіз де түсінбейсіз. Бірақ жақын таныс емес жандарға құпияңызды ашпаңыз. Жоспарларыңызды ешкіммен талқыламаңыз.
Арыстан
Жемісті күн. Қолға алған кез келген шаруаны шыр айналдырып, жетістікке жетесіз. Дегенмен оған жету үшін аздаған табандылық пен өнертапқыштық қасиеттің де керегі бар. Әрі қарай жұмысыңыздың жемісті болуы жұлдыздардың қолында.
Бикеш
Жетістікке жетуге болады. Ол үшін қиындыққа төтеп беріп, күш салу қажет. Күн ұзаққа еңбектеніңіз. Кешке қарай шаршап-шалдығасыз. Бірақ жақындарыңыздың қолдауына ие болып, бойыңызды қуаныш кернейді. Жақындарыңыз сізге көмек қолын созуға дайын.
Таразы
Егер асығыстық танытпасаңыз, барлығы ойдағыдай болады. Алғашқы сәтсіздіктен соң мойымаңыз. Алдыңыздан қандай қиындық шықса да, өзіңіз таңдаған жолмен жүріңіз. Жұлдыздар табанды жандарды қолдайды.
Сарышаян
Өміріңізде әлденені өзгертуге талпынсаңыз, алғашқы қадамыңызды жасай беріңіз. Ойлаған ісіңізді тез арада жүзеге асыруға тырысыңыз. Бүгін сіз жақындарыңызға өз сөзіңіздің дұрыстығын дәлелдегіңіз келсе, өз дегеніңізден қайтпаңыз. Сізді қолдағысы келетіндер көп екенін естен шығармаңыз.
Мерген
Сабырлы болыңыз. Сабырлы болу оңай емес, дегенмен бүгін ол сізге қажет-ақ. Қай істе болмасын қобалжитын болсаңыз, қателіктеріңіз ушығып кетеді. Сондай-ақ бүгін келіспеушіліктер мен кикілжіңдер туындайды. Бірақ көңіл-күйіңізді еш түсірмеңіз.
Тауешкі
Сәтті күн. Кез келген қиындықты жеңіп, мәселелерді дер кезінде шешіп, барлығы өз орнына келеді. Бұрын ойға түйгендеріңіз дәл бүгін қажет болады. Аға буын өкілдерімен әңгімелескен ұнайды. Олардың ақыл-кеңестері сізге қажет болады. сондықтан бүгін көп уақытыңызды солармен өткізесіз.
Суқұйғыш
Жаңа іс бастаңыз. Тек ол жұмыс өте күрделі болуы қажет. Яғни, жаңа жұмысқа тек ықылас аударып ғана қоймай, сонымен бірге ұқыптылық танытып, тапқыр болыңыз. Жаңа істе сізге шығармашылық ізденіс қажет. Бұл істе сізге серіктес қажет.
Балықтар
Көбісі сізбен тілдескісі келеді. Бұл сізге қуаныш сыйлайды. Бірақ жақын таныс емес жандардан бойды аулақ ұстағаныңыз жөн. Өйткені, өзгелердің ұрыс-керісіне сіз кінәлі болыңыз мүмкін. Сізге ұнағысы келген жанға сенім артуға асықпаңыз.