Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 4 сәуірге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Жақындарыңызбен жиі кикілжің туындайды. Ұрыс-керісті бастайтын өзіңіз боласыз. Ұсақ-түйекі сөз етіп, болмашыға ашуланасыз. Сонымен қатар бүгін көп ақша жұмсайсыз.
Торпақ
Жемісті күн. Соңғы уақытта мазаңызды алған мәселені шеше аласыз. Көп сауалдарға жауап аласыз. Алайда көкейкесті мәселелердің жауабын тапқаныңызбен көңіліңізде әлде де болса алаңдаушылық бар. Сабырлылық танытсаңыз барлығы орнына келеді.
Егіздер
Көп істе жетістікке жетуге болады. Ол үшін шыдамдылық қажет, сондай-ақ ұсақ шаруларда серіктесіңізге жол бергеніңіз жөн. Осыларды орындасаңыз абыройыңыз арта түседі.
Шаян
Ақшаңызға абай болыңыз. Көп қаражат жаратудан сақ болыңыз. Сізге қастық жасағысы келген жандарға жауап қайтара біліңіз. Жақындарыңызбен сырласыңыз. Тек көп мұң шақпағаныңыз жөн.
Арыстан
Еңбектенуді сүйген жандар көп жетістікке жетеді. Табысты болу үшін ең алдымен бастаған істі ертеңге қалдырмаңыз. Сонымен қатар сіз атқаруға тиіс жұмысты өзгелер атқарады деген ойдан аулақ болыңыз.
Бикеш
Ішке бүгіп жүрген талантыңыз жарып шығады. Айналаңыздағылар таңқалып, сізді мақтан тұтатын болады. Тіпті кейбірі сізге пайдалы ұсыныс та айтуы мүмкін. Бүгін болашақ басшыңызбен кездесесіз.
Таразы
Қызықты жобаларға жол ашылғалы тұр. Сіз бұл мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысасыз. Сізге тек батылдылық қажет. Өмірлік ұстанымдарыңыз бір жандармен жақын қарым-қатынас орнату сізді қызықтыра түседі.
Сарышаян
Айтарлықтай сәтті күн. Керемет табысқа қол жеткізесіз деп айту қиын. Дегенмен, ұсақ-түйек тірлікті оңай атқарып, басталған жұмысты соңына дейін апарасыз.
Мерген
Қандай жұмыспен айналыссаңыз да, барлығының назары сізде болады. Айналыңыздағылардың барлығы сіз туралы айтады. Бұл сіздің ашуыңызға тиеді. Бірақ ашуға беріліп теріс қылық танытып жүрмеңіз.
Тауешкі
Тек өз күшіңізге сеніңіз. Біріншіден, бірігіп жұмыс жасауда әріптесіңізбен тіл табысу қиынға соғады. Екіншіден, оның олқылығынан сіз опық жеп қалуыңыз мүмкін. Сондықтан ешкімге сенім артпағаныңыз жөн.
Суқұйғыш
Ақша қатысты шаруада сақ болыңыз. Келіссөздер жүргізу, келісімшарт жасасуда көп шығынға ұшырап қалуыңыз мүмкін. Жақын таныс емес адамдармен қарым-қатынас орнатпағаныңыз жөн.
Балықтар
Бүгінге ешқандай маңызды шаруа жоспарларламаңыз. Ұсақ тірліктермен айналысыңыз. Біреуге тапсырма бергеннен гөрі, өзіңіз тапсырма алып орындаған жеңіл болады. Мойныңызға «ауыр жүк» артпағаныңыз жөн.