Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 22 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Денсаулығыңызды күтіңіз. Оқыс қимылдаудан сақ болыңыз. Өзгелермен ара-қатынаста сабырлылық сақтаңыз. Көптен бері ойлап жүрген арманыңыз орындалады.

Торпақ
Алда көктем келе жатыр. Осы кезден бастап иммунитетіңізді нығайтыңыз. Ол үшін спортпен шұғылданыңыз. Бір сөзбен айтқанда, денсаулығыңызға көп мән беріңіз.

Егіздер
Қаржылай сыйақыға ие боласыз. Кей «егіздер» мұраға ие болуы да мүмкін. Егер жұмыс орныңызды ауыстырар болсаңыз бүгін сәті түсіп тұр. Бұрын сізге қымбат болған жан өміріңізде қайта пайда болуы мүмкін.

Шаян
Іскерлік қарым-қатынас орнатуға қолайлы күн. Жеке өміріңіздегі мәселелерге қатысты толғандыратын жаңалық болуы мүмкін. Жаңа таныстықтар жетістікке жетуге және мол табыс табуға көмегін тигізеді.

Арыстан
Жұмысқа қатысты жаңа ұсыныстарға көңіл бөлгеніңіз жөн. Жаңа ұсынысты өз пайдаңызға жаратыңыз. Отбасыңызға көп көңіл бөліңіз. Түсіңізде көргендеріңіз өңіңізге айналуы мүмкін.

Бикеш
Бұл белгідегі нәзікжандар қысқа уақытқа болса да өзі қызығатын іспен айналысады. Сол арқылы жеке өмірін өзгертуі мүмкін. Ер адамдар өз ұстанымдарынан таймағаны абзал. Әйтпесе, барлық іс-әрекетіңіз өзіңізге кері әсерін тигізуі мүмкін.

Таразы
Бүгін кейбір мәселелерді кейінге қалдырғыңыз келеді. Алайда бұлай жамсамағаныңыз дұрыс. Мәселені дер кезінде шешкен жөн. Сондай-ақ бүгін сезім шырғалаңына түсесіз. Одан бас тарту мүмкін емес.

Сарышаян
Бүгін әріптестермен бас қосуға қолайлы күн. Көңіл көтеру үшін өзіңіз кеш ұйымдастырыңыз. Айналаңыздағыларға назар аударыңыз. Жұмысыңыздың табысты болуы сіздің төзімділігіңіз бен ақылдылығыңызға байланысты болмақ.

Мерген
Қызмет ауыстырасыз немесе жаңа табыс көзін табасыз. Барлық мәселені өзіңіз шеше аласыз. Достарыңыз бен туыстарыңыздың кеңесіне жүгіннен гөрі, өзіңізге сенгеніңіз жөн. Түстен кейін ұсақ-түйек кикілжің болуы мүмкін. алайда сіз оның алдын алатын боласыз.

Тауешкі
Бүгінгі күн бастаған істі соңына дейін жеткізуге және толық демалыс алуға қолайлы болмақ. Қаржылық жағдайыңызды нығайта аласыз. Сондай-ақ болашағыңызды жақсартуға жұмыс жасайсыз.

Суқұйғыш
Бүгінгі күн ұжыммен бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылықпен және ғылыми жұмыспен айналысуға қолайлы күн. Қаржылық жағдайыңыз жақсарады. Ұтысқа ие боласыз немесе қарызыңызды қайтарады.

Балықтар
Орындай алмайтын істе уәде бермегеніңіз жөн. Егер уәде берсеңіз соңына дейін жеткізіңіз. Ірі көлемде зат сатып алуды көздесеңіз, оның жауапкершілігін өз мойныңызға алыңыз.
22 ақпан 2019 ж. 540 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области