Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өзге елдің нөмірімен жүрген көліктер қалай тіркеледі?

Өзге елдің нөмірімен жүрген көліктер қалай тіркеледі?

Kyzylorda-news.kz. ІІМ әкімшілік полиция комитеті шетелдік нөмірлермен жүрген көліктерді онлайн тіркеудің тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Комитет төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда Ресей, Армения мен Қырғызстанның тіркеу нөмірлерімен жүрген автокөліктер көп. Ондай көліктердің нақты саны да белгісіз.
"Өкінішке қарай, біз ол көліктердің иесін және кімнің айдап жүргенін де білмейміз. Ал тіркеу жүйелері жол жүру ережесін бұзу фактісін тіркесе де, көлік иесін анықтай алмайды. Себебі камераға өзге елдің нөмірі түседі. Әкімшілік хаттаманы да толтыра алмаймыз", - деді Кеңісбаев.
Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы осы санаттағы көліктердің иесі 40 мыңнан аса ереже бұзса, биыл алты айдың ішінде аталған көрсеткіш 42 мыңнан асқан.
Осыған байланысты шетелдік нөмірлермен жүрген көліктерді уақытша тіркеуді онлайн режимде енгізу бастамасы көтеріліп отыр.
"Аталған шара тегін жүргізіледі. Ешқандай құжат алудың қажеті жоқ. Біз көліктердің тіркелгенін өзіміздің ақпараттық базамызда көретін боламыз. Аталған деректер әрбір полицейдің планшетіне шығарылады. Осылайша, өзге елдің нөмірімен жүрген көліктер тіркеуге алынады. Соның арқасында жол қауіпсіздігін ғана емес, сан алуан қылмыстарды да анықтауға мүмкіндік болады", - деп атап көрсетті Кеңісбаев.
Осы бастаманың аясында кеден қызметі мен ішкі істер органдарының ақпараттық базаларын интеграциялау жоспарланып отыр. Осылайша, полицейлер Қазақстанға кірген көліктерді көріп отырады.

17 шілде 2019 ж. 333 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области