Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ректорларды конкурстық негізде іріктеген дұрыс – Білім министрі

Ректорларды конкурстық негізде іріктеген дұрыс – Білім министрі

Kyzylorda-news.kz. Ұлттық университет ректорларын конкурстық негізде іріктеу дер кезінді әрі дұрыс жасалып отырған шара. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы бүгінгі баспасөз мәслихатына келе жатқан жолда әлеуметтік желілерді шолып шықтым. Бұл ретте аталған бастамаға қоғам реакциясы өте позитивті екенін байқадым. Жазылған пікірлердің басым бөлігінде тұрғындардың, ұстаздар мен ЖОО басшылығының ұстанымы позитивті. Жалпы, конкурстық іріктеу шешімді қабылдаудың ашықтығын, бәсекелестікті қамтиды. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз тиісті құжаттарды дайындаймыз», - деді Білім және ғылым министрі.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовты қабылдады.
«ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкімет қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырдым. Қазіргі ректорларды Президент жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды», - деп жазды Мемлекет басшысы.

17 шілде 2019 ж. 362 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области