Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Асхат Аймағамбетов ҰБТ нәтижелері бойынша мектептердің рейтингін жасамауды сұрады

Асхат Аймағамбетов ҰБТ нәтижелері бойынша мектептердің рейтингін жасамауды сұрады

Kyzylorda-news.kz. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өңір әкімдіктерінен ҰБТ нәтижелері бойынша облыстардың, қалалар мен мектептердің рейтингтерін жасамауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҰБТ кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау, ҰБТ өткізу пунктерін медициналық персоналдармен қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, ҰБТ нәтижелері бойынша облыстардың, қалалар мен мектептердің рейтингтерін жасамауды сұраймыз. Қазіргі таңда ҰБТ - өз еркімен жоғарғы оқу орындарына түсу үшін тапсыратын емтихан болғандықтан, осы нәтижелерді рейтинг жасауға пайдалану - біздің ойымызша, дұрыс емес», - деді Білім және ғылым министрі Үкімет отырысында.
Асхат Аймағамбетов үшіншіден, мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарына қолайлы жағдай жасауды, балаларды тасымалдау мәселесін ұйымдастыруды сұрады.
«Жалпы, ҰБТ өткізуге дайындық жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Биылғы тестілеуді өткізуге дайынбыз», - деді министр.

18 маусым 2019 ж. 451 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области