Бөлшек сауданың жоғары үлесі Қызылорда қаласына тиесілі
Kyzylorda-news.kz. 2019 жылғы қаңтар-маусымға бөлшек сауда айналымы 139892,0 млн теңгені құрады.
Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101, %-ды құрады. Биылғы жылдың жартыжылдығында сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 34577,6 млн теңгені құрап, өткен жылға қарағанда нақты мәні 6,4 %-ға түскен.
Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік тауарлары бөлшек сауданың жалпы көлеміне 33,1% кұрады. Азық-түлік тауарлардың бөлшек саудада өткізу көлемі 46290,5 млн теңгені құрады, ал азық-түлік емес тауарлары 93601,5 млн теңгеге тең.
2019 жылғы 1 шілдеге бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарлық қорларының көлемі 6426,4 млн теңгені құрады. Олардың саудадағы күндері 39 күн.
2019 жылғы қаңтар-маусымға облыс бойынша бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі аса жоғары үлес салмақ Қызылорда қаласына тиесілі.
2019 жылғы қаңтар-маусымға аудандар бойынша бөлшек сауданың нақты көлем индексі
Бөлшек сауда – барлығы, мың теңге | Бөлшек сауда нақты көлем индекстері, %-бен | |||
2018 жылдың сәйкес айына 2019 жылдың есептік айы | 2019 жылдың өткен айына 2019 жылдың есептік айы | 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 2019 жылдың есептік кезеңі | ||
Қызылорда облысы | 139 892 038 | 102,5 | 111,1 | 101,0 |
Қызылорда қ.ә. | 121 184 036 | 102,5 | 111,9 | 101,1 |
Байқоңыр қ.ә. | 146 636 | 100,7 | 191,8 | 100,4 |
Арал | 3 500 130 | 101,3 | 164,2 | 100,6 |
Жалағаш | 1 222 694 | 101,3 | 98,8 | 100,4 |
Жаңақорған | 2 885 713 | 103,1 | 94,2 | 100,7 |
Қазалы | 3 851 041 | 103,1 | 96,7 | 100,8 |
Қармақшы | 2 393 496 | 101,3 | 97,2 | 100,4 |
Сырдария | 643 242 | 101,8 | 103,4 | 100,5 |
Шиелі | 4 065 050 | 103,1 | 90,5 | 100,8 |