Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » DariKz дәрі іздеу қосымшасы іске қосылды

DariKz дәрі іздеу қосымшасы іске қосылды

Kyzylorda-news.kz. Орталық коммуникациялар қызметінде дәрі-дәрмек іздеуге арналған DariKz мобильді қосымшасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» бас директоры Арнұр Нұртаев аталмыш қосымша арқылы смартфоннан Қазақстан аумағында тіркелген дәрілер туралы толыққанды ақпарат алуға болатынын айтады.
«Болашақта дәрілердің министрлік бекіткен шекті бағалары да орнатылатын болады. Егер іздеген бәрінің бағасы сол шекті бағадан артық болса, шағымдану бұрышына өз талап-тілегіңізді қалдыруға болады. Оны біз тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жолдаймыз. Сондай-ақ қосымшаның аранйы бөлімінен дәрі-дәрмек саласындағы ақпараттар мен жаңалықтарды оқуға болады. Тіпті бұрынғыдай дәріні қолдану нұсқаулығын сақтаудың қажеті болмайды деп ойлаймыз», - деді ол.
Орталық өкілінің айтуынша, қосымшаны смартфонға Play Market және App Store арқылы жүктеуге болады.
«Іздеген дәріні қосымшада препараттың саудалық немесе халықаралық патенттелмеген атауын, тіркеу нөмірін теру арқылы табуға болады. Қаптамадағы кодтық деректерді сканерлеу арқылы іздеу жүйесін де іске қосамыз. Қазірдің өзінде 7 мыңнан астам дәрі-дәрмек туралы ақпарат енгізілген», - дейді орталықтың бас директоры.
Аталмыш орталық бас директорының әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары Ержан Жүнісовтің айтуынша, қосымшада кез келген дәріге қатысты қауіпсіздік және сараптамалық деректер де берілген.
«Дәріні тіркеу нөмірі бойынша іздеу үшін қосымшадан дәрінің қаптамасын тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетілген бетінен суретке түсіріп алу керек. Іздеу нәтижелері шығатын бетте нақты тіркеу нөмірімен дәрілік препарат туралы толыққанды ақпарат пайда болады. Ақпарат қолданушының қалауына қарай қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады», - деді ол.
Орталықтың бас директоры Арнұр Нұртаев сөзіне қарағанда, бұл қосымша мекеме мамандарының күшімен жасалған.
«Бұл жобаны қолға алғанымызға бір жылдай уақыт болды. Қосымшаны бастана-аяқ өз мамандарымыз жасап шығарды. Содықтан бюджеттен ешқандай қаржы шығындалған жоқ. Ал дәрі-дәрмектер туралы қажетті деректер қоры біздің орталықтың 2010 жылдан бері жинақталған», - деді орталық басшысы.

18 шілде 2019 ж. 468 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области