Қызылордада «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталады
Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың 22-24 шілде аралығында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуі жоспарлануда.
Іс-шара барысында Жергілікті полиция қызметі басқармасы Мемлекеттік кірістер және көліктік бақылау инспекциясы органдарымен бірлесіп жұмыс жасайды.
Шара кезінде облыс көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, әсіресе заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын автобус және такси көлік құралдарын анықтайтын болады.