Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандықтар өмір сүру сапасына қаншалықты риза?

Қазақстандықтар өмір сүру сапасына қаншалықты риза?

Kyzylorda-news.kz. Бұл сұрақтың жауабын Статистика комитетінің зерттеуінен білдік, деп хабарлайды «Хабар 24».

2019 жылы сауалнамаға қатысқандардың 60% «өз өміріме қанағаттанамын» деп жауап берген. Статистикаға қарап, ауыл тұрғындары қалалықтарға қарағанда бақытты ма дерсіз?! Себебі ауылда тұратын халықтың 70%-ке жуығы, ал қалалықтардың 54%-тен астамы өз өміріне риза екенін білдірген. Тағы бір дерек, өмір сүру сапасын оң бағалағандардың көбі ер азаматтар.
Зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 48,5%-і өз денсаулығына қанағаттанған. Мұнда да ауылдықтардың үлесі басым. Сауалнамаға қатысқандардың 44,3%-і бос уақытының болуына риза. Ал материалдық жағдайына қатысты сұраққа зерттеуден өткендердің 68,8%-і өздерін орташа деңгейге жатқызса, 0,4%-і өзін қамтамасыз етудің төмен деңгейінде екенін көрсетті және респонденттердің 0,3%-і ғана материалдық жағдайын жоғары деңгейге жатқызған.

23 шілде 2019 ж. 261 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области