Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал ауданына жаңа сот төрағасы тағайындалды

Арал ауданына жаңа сот төрағасы тағайындалды

Kyzylorda-news.kz. Арал аудандық сотына жаңа төраға сайланды. Жаңа сот төрағасын аудан активіне таныстыру үшін Қызылорда облыстық сотының судьясы Ермек Тұрбаев арнайы іссапармен келді. Аудан активімен болған жиынға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық соттың судьясы Нұржан Бекетаев және Арал аудандық сотының жаңадан тағайындалған төрағасы Камшат Садуақасова қатысты.

Жиында алғашқы болып сөз алған аудан әкімі сот билігіне деген жауапкершілік күн санап арта түскенін тілге тиек ете келе, бүгінгі жиналған актив отырысында аудандық сотта бірқатар кадрлық өзгерістердің орын алғандығын жеткізді.
Одан әрі, Қызылорда облыстық сотының судьясы Е.Тұрбаев Арал аудандық сотының жаңа төрағалығына Садуақасова Камшат Ашимқызы және аудандық соттың жаңа судьясы болып Бертай Серік тағайындалғанын атап өтті.
Тиісінше аудан басшысы М.Оразбаев осы уақытқа дейін аудандық сотының төрағасы қызметін атқарып келген азаматтардың ел игілігі жолындағы еселі еңбегіне алғысын жеткізе келе, жаңа тағайындалған сот төрағасын лауазымымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.
24 шілде 2019 ж. 489 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области