Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 25 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Ойыңызды жинақтап, бір іске ден қоюыңыз қиынға соғады. Сондықтан аз ғана уақытқа демалыс алғаныңыз жөн.
Торпақ
Кез келген істе жолыңыз болады. Қаражатыңызды үнемдейтін болсаңыз, біраз қор жинап аласыз.
Егіздер
Ұсақ-түйекке бола жүйкеңізді жұқартып, болмашыға бола ұрсысып қалуыңыз мүмкін. Отбасының тыныштығын сақтау өз қолыңызда.
Шаян
Материалдық жағдайыңыз жақсара түседі. Кешке қарай бақытты сәттерді басыңыздан өткересіз. Бағыңызды бағалай біліңіз.
Арыстан
Бүгін сіз өзгелерден ерекшеленіп тұрасыз. Барлығы сізге қызыға, әрі, қызғана қарайтын болады. Жұмыста жітістікке жетесіз.
Бикеш
Сізді алдап кету оңай. Сондықтан сақтанып жүріңіз. Қай істі бастасаңызда, «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген қағиданы естен шығармаңыз.
Таразы
Көңіл-күйіңіз құбылмалы. Бүгін қаржы мәселесіне қатысты құжаттарға қол қоюды кейінге қалдырғаныңыз жөн. Өзіңізге көп салмақ салмаңыз.
Сарышаян
Бүгін өз жауапкершілігіңізге маңызды істерді алмағаныңыз жөн. Өйткені өзгелердің әңгімесіне алаңдап немесе жоспарланбаған сапарға шығуыңыз мүмкін.
Мерген
Өз эмоцияларыңызға ерік бермеңіз. Әйтпесе, жақын адамыңызбен сөзге келіп, тіпті екі айырылысуыңыз да мүмкін. Ұстамды болыңыз.
Тауешкі
Өнерде, шығармашылықта немесе балалармен бірігіп жұмыс жасауда өз талантыңызды таныта аласыз. Бүгін өзіңізді тани түсесіз.
Суқұйғыш
Бүгін отбасыңыздағы атмосфераны өзгерте аласыз. Егер баспана сәселесі қинап жүрген болса, оны да біржақты етесіз. Тек өзіңізге сеніңіз.
Балықтар
Бүгін өз киім сөреңізді жаңалағыңыз келеді. Сонымен қатар өзіңіздің сырт келбетіңізге көп көңіл бөле бастайсыз.