Әлемдегі ең кәрі президент қайтыс болды
Kyzylorda-news.kz. Тунис президенті әл-Баджи Гаид ас-Себси 92 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости. Мемлекет басшысының қайтыс болғаны туралы мәліметті оның әкімшілігі жариялаған.
![](https://syr-media.kz/uploads/posts/2019-07/1564054180_25kartprezident1.jpg)
Осыған дейін, президенттің әскери ауруханаға жатқаны туралы айтылған еді.
«2019 жылы 25 шілдеде, бейсенбі күні таңғы уақытта Тунисте әскери ауруханада әл-Баджи Гаид ас-Себси Республикасының Президенті қайтыс болды», - делінген Президент Әкімшілігінің хабарламасында.
Соңғы айларда Тунис президенті денсаулығына байланысты бірнеше рет ауруханаға жатты. Ас-Себси 2014 жылдан бастап Тунистің президенті қызметін атқарды. Ол әлемдегі мемлекет басшылары арасындағы ең қарт президент болатын.