Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Данияр Ақышев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Данияр Ақышев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Данияр Ақышев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Ақышев Данияр Талғатұлы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген Президенттің жарлығында.
Еске салайық, 25 ақпанда Ұлттық банк төрағасы қызметінен Данияр Ақышев отставкаға кеткен болатын. Оның орнына Ерболат Досаев келген еді.
Данияр Ақышев 1976 жылы туған. Ол Алматы қаласының тумасы. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі, мамандығы - экономист. Әр жылдары Орталық Азия қор биржасының жетекші экономисі болып жұмыс істеді. Республика ұлттық банкінің зерттеу және статистика департаментінде әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Ұлттық Банктің зерттеу және статистика департаментінің директоры қызметін атқарды. 2007-2014 жылдар аралығында Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды. Содан кейін Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болды. 2015 жылғы 24 тамыздан бастап ел Президентінің көмекшісі міндетін уақытша атқарды.
Ұлттық банк төрағасы қызметінде 2015 жылы 2 қарашадан бастап жұмыс істеді. Оған дейін бұл қызметті Қайрат Келімбетов атқарды.
28 ақпан 2019 ж. 448 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области