Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНЕ ӨЗБЕКСТАНДА БӨЛІМШЕЛЕРІН АШУҒА МҮМКІНДІК ТУДЫ

ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНЕ ӨЗБЕКСТАНДА БӨЛІМШЕЛЕРІН АШУҒА МҮМКІНДІК ТУДЫ

Қазақстан-Өзбекстан стратегиялық қарым-қатынасында тағы бір қадам жасалды деп хабарлайды 24.kz.
Енді Қазақстан банктеріне Өзбекстанның қаржылық нарығына кіруге мүмкіндік бар. Алматыда ҚР Ұлттық банкі мен Өзбекстанның орталық банкі арасында «Банктік қадағалау саласындағы өзара іс-қимыл туралы» келісім жасалды. Ресми құжатқа Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев пен Өзбекстан орталық банкі төрағасының орынбасары Тимур Имашев қол қойды. Бұл құжат талаптарына сәйкес, еліміздің екінші деңгейлі банктері көрші ел аумағында трансшекаралық мекеме құруға мүмкіндік алады.
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
– Ең бастысы, біз банктік қадағалау саласында ақпарат алмасу жөнінде келісімге келдік. Бұл Қазақстан банктеріне Өзбекстанда бөлімшелерін ашуға мүмкіндік береді. Бұған дейін еліміздегі бірқатар банк Өзбекстанда жұмыс істеуге ниет білдірген. Осы келісімшарт ережелері мен талаптары соған жол ашып отыр.


11 шілде 2018 ж. 559 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области