Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДАНИЯР АҚЫШЕВ «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ МЕРЗІМІН НАҚТЫЛАДЫ

ДАНИЯР АҚЫШЕВ «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ МЕРЗІМІН НАҚТЫЛАДЫ

«7-20-25» бағдарламасының жобасы әзірленді. Енді ол жақын арада ҚР Ұлттық банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланады. Бұл туралы Парламент Сенатында тілшілерге Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның атап өтуінше, бағдарлама биылдың екінші жартыжылдығында іске қосылады. Ұлттық банк тарапынан қажетті инфрақұрылым құрылып, жаңа ипотекалық бағдарламаның операторы қызмет етеді. Осы орайда «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ еншілес ұйымы да жұмыс істеп жатыр.
«Бұл компания облигациялар шығарады және тартылған қаражат есебінен банктерден 1 трлн теңгеге дейінгі көлемде қарыздарды сатып алады. Қазіргі уақытта ұйым өзара іс-қимыл жасаудың техникалық мәселелерін іс жүзінде іске асыруды талқылау үшін банктермен тығыз өзара іс-қимыл жасауда», - деді Д.Ақышев.
Оның сөзіне қарағанда, бұрын-соңды болмаған талаптарды ұсынып отырып бағдарламаны әлеуетті қарыз алушылар ешбір жағдайда мемлекеттің өтеусіз көмегі ретінде қабылдамауға тиіс екенін атап өтті.
«Қарыз алушылар тарапынан да, банктер тарапынан да төлем қабілетінің болуы және әділ нарықтық қағидаттарды қатаң сақтау жаңа ипотекалық бағдарламаның негізі болады. Қарыз алушыда 20% мөлшеріндегі бастапқы жарнаның болуы - Бағдарламадағы негізгі талаптарының бірі. Бұдан басқа, әлеуетті қарыз алушылардың мұндай жарнаны банкке беруі оларға алынатын қарыздың ең аз мөлшерін қамтамасыз ететінін, демек қарыз бойынша пайыздық шығыстар да аз болатынын түсінгені маңызды», - деп түсіндірді Ақышев.




14 маусым 2018 ж. 620 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области