Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дәрігерлер әйелдің асқазанынан 1,5 келі әшекей бұйымдарын алды

Дәрігерлер әйелдің асқазанынан 1,5 келі әшекей бұйымдарын алды

Kyzylorda-news.kz. Үндістанның Батыс Бенгалия штатында дәрігерлер әйелдің асқазанынан жалпы салмағы 1,5 кг болатын әшекей бұйымдарын шығарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрігерлердің айтуынша, 26 жастағы келіншек 5 және 10 рупийлік 90-ға жуық монета және мыс пен латуньнан соғылған әшекей бұйымдарды жасырмақ болып жұтып жіберген. Әшекейлердің арасында тіпті қолсағат та бар болып шықты.
Қыздың шешесінің айтуынша, ол кейде есін білмей қалатын көрінеді. Әйел үйдегі әшекей бұйымдарының жоғала бастағанын байқаған. Ал монеталарды қыз ағасы жұмыс істейтін дүкеннен алған.
«Біз оны аңдып жүрдік, бірақ ол сонда да бір амалын тауып, әшекейлерді жұта беріпті. Соңғы екі айда мазасы кетті», - дейді қыздың шешесі.
Ақыр соңында «темір жегіш» қызды ауруханаға жатқызуға тура келген. Оның асқазаны металға толғанын сол жерде дәрігерлер анықтады. Артынша, шұғыл ота жасап, асқазанын тазалады. Енді қыздың туыстары оны психиатрға көрсетпек.

25 шілде 2019 ж. 410 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области