ТҰРМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАР ЖАСАУДАН КЕЗЕКТІ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

Шараға Өркениет медициналық колледжінің студенттері мен «Өнер» клубының мүшелері қатысты. Сабақты қаламыздағы №267, №120 және А.Хангелдин атындағы №179 орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Сағыныш Стамшаева, Ғазиза Карибаева және Айжан Ештай жүргізді.
Жастарға түрлі түстерге боялған жүннен, жіптен паннолар, фетрадан сандықша, қобдиша, алқа сынды әшекей бұйымдар жасау жолдары көрсетілді. Аталған бұйымдарды шараға қатысушы жастар өз қолдарымен қиып, жасап көрді және қолөнер бұйымдарына деген қызығушылықтары арта түскенін айтып жатты.


