Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысының әкімі Қазалы ауданының әлеуметтік және бизнес нысандарымен танысты (ФОТО)

Қызылорда облысының әкімі Қазалы ауданының әлеуметтік және бизнес нысандарымен танысты (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Қазалы ауданына жұмыс сапарымен барып, өндірістік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, аудан тұрғындарымен кездесті.

Аймақ басшысы алдымен Басықара елдімекенінде 1963 жылы салынған Ә.Тыныбаев атындағы су торабының жұмысымен танысты. Су торабы 60 га егістік алқабын және 450 га шабындықты суармалы сумен қамтамасыз етеді. Нысанда 22 адам жұмыс істейді.
Облыс әкімі Жалаңтөс баһадүр ауылындағы ауылдық клуб ғимаратында тұрғындармен кездесіп, жергілікті кәсіпкерлер өнімдерінің көрмесін аралап көрді.
Бұдан әрі аймақ басшысы тәулігіне 30 тонна сүт өндіретін "Рза" АҚ сүт-тауар кешеніне барды. Кәсіпорында "Дәмді" сауда маркасымен пастерленген және ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, сүзбе, сары май және ірімшік шығарылады. Болашақта йогурт, ряженка, брынза және балмұздақ өндірісін ашу жоспарлануда. Кәсіпорын өнімдері облыс аумағында, сондай-ақ Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан өңірлеріне де шығарылады.
Аймақ басшысы 2018 жылдың желтоқсан айында аудан орталығында салынған Әйтеке би ескерткішіне барды. Монументтің жалпы биіктігі-12м, ескерткіш авторы-Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Қазбек Сатыбалдин. Сонымен қатар, Қазалы қаласы мен аудан орталығын байланыстыратын жаңа қаланың құрылысымен танысып, аудан әкімдігінің жаңа ғимараты мен мәдениет үйінде болды.
Қазалы аудандық орталық ауруханасында облыс әкімі аудандағы денсаулық сақтау саласының дамуымен және жақында сатып алынған ангиографтың жұмысымен танысты.
Бұдан әрі облыс әкімі жазғы маусымда 700-1000 бүлдіршінді қабылдайтын "Шағала" балалар сауықтыру орталығында болды. Орталық 7 ауысымда жұмыс істейді, оның аумағында балалар демалатын 2 корпус, асхана, медпункт, бассейн және футбол алаңы бар.
Аймақ басшысы өткен ғасырдың 90-шы жылдары салынған "Қазалы-Теміржол жылу" МКК-де болды. Кәсіпорында ДЕ-14/16ГМ маркалы 4 бу қазандығы бар, олардың үшеуі жылыту маусымында және біреуі резервте жұмыс істейді. Кәсіпорын 102 мекеме, 46 көпқабатты үй мен 184 жеке үйді жылумен қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, облыс әкімі "LCI-MK" ЖШС жұмысымен танысты. 2013 жылы кәсіпорын индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында "Жоғары кернеулі электр бағаналарын шығару" жобасын жүзеге асырған болатын.
Қуанышбек Досмайылұлы аудан орталығындағы көпқабатты үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты. "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында Әйтеке би кентінде 18 пәтерлік 6 жалдамалы көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды, олардың әрқайсысында екі бөлмелі – 12 пәтер және үш бөлмелі - 6 пәтер болады.
Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов "Қазалы Керуен" көлік, сауда-логистикалық орталығына барды. Нысанда аумағы 1080 ш.м. автовокзал, автотұрақ, техникалық қызмет көрсету орталығы, сауда алаңдары және басқа да қызмет көрсету орындары қарастырылған.

24-27 шілде аралығында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов жұмыс сапарымен Арал, Қазалы, Қармақшы және Жалағаш аудандарына барып, өндірістік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездеседі.





26 шілде 2019 ж. 420 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области