Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жұмыс сапарымен Қазалыға келді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жұмыс сапарымен Қазалыға келді

Kyzylorda-news.kz. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келді.

Министр жұмыс сапары барысында «РЗА» АҚ-ның 660 бас мүйізді ірі қараға арналған сүт-тауарлы кешені және 30 мың тонна сүт өнімдерін қайта өңдеу зауытының жұмысымен танысты.
Сапархан Омаров алдымен сүт-тауарлы кешенінің өндірістік жұмысымен танысып, автоматты түрде ұйымдастырылған сауу процесін көрді. Мұнан соң сүт зауытына барып, сүт өнімдерін қайта өңдеу, сақтау және тасымалдауды ұйымдастыру жұмыстарына куә болды.
Бұл сүт-тауарлы кешені мен 30 мың тонна сүт өнімдерін қайта өңдеу зауыты 2010 жылы пайдалануға берілген. Мұнда «Дәмді» сауда маркасымен пастерленген, ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, ірімшік, сары май, сыр сияқты өнімдер шығарылады. Алдағы уақытта дәл осындай маркамен йогурт, майлы айран, сүзбе ірімшік және балмұздақ шығару жоспарда бар.
Барлық өнімдер облыс аумағында қолайлы бағамен сатылады және жергілікті нарықта айтарлықтай үлесі бар. Сондай-ақ, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарына өнімдерді жеткізу сәтті жолға қойылған.
Іссапар аясында "РЗА" АҚ басшысы Самұрат Имандосов ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа Сыр өңірінде мал шаруашылығын дамыту бағытындағы түйткілді мәселелерді тілге тиек етіп, олардың оңтайлы шешілуіне ықпал жасауын сұрады.
03 маусым 2019 ж. 460 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области