Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Рза» фермасы өткен жылы 6162 тонна сүт өндірді

«Рза» фермасы өткен жылы 6162 тонна сүт өндірді

Қазалы ауданындағы «Рза» фермасы 2017 жылы 6150 тонна, 2018 жылы 6162 тонна сүт өндірді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.Сүт тауарлы фермасының негізінде 2010 жылы «Рза» ЖШС құрылды. Содан бері Сыр халқына етене таныс болған брендтің бүгінде экспорттық әлеуеті жоғары.
2010 жылы бірінші кезеңінде салынып, іске қосылған сүт тауарлы фермасы 660 бас сауын сиырына арналған.
Кешенге қажетті құрал жабдықтар Голландия, Германия, Ирландия мемлекеттерінен алынған. 660 бас асыл тұқымды голштинофриз 2 жастан асқан қашарлар Венгриядан әкелінді. Аталған мекемеде 2017 жылы 6150 тонна, 2018 жылы 6162 тонна сүт өндірілді.
Асыл тұқымды малдың күтімі де ерекше. Арнайы жем-шөп дайындалып, уақытымен беріледі және қоражай жиі тазаланып тұрады. Сондықтан бұл сиырлардың өнімділігі жоғары, сүтінің майлылығы 3,6 пайыз. Бір сиырдан жылына сегіз мың литр сүт сауып алынады.
Мұнда дәмі тіл үйіретін сүт, айран, қаймақ, ірімшік, сары май, құрт секілді табиғи әрі құнарлы өнімдер шығарылады. Бүгінде «Рза»-ның өнімдері Нұр-сұлтан, Алматы, Көкшетау, Ақтөбе, Атырау, Ақтау сияқты ірі қалалардағы сауда орталықтарында сатылуда.
11 сәуір 2019 ж. 700 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области