АУДАН ДИҚАНДАРЫ ҮШІН ТАБЫСТЫ ЖЫЛ БОЛДЫ
Биыл Шиелі ауданындағы егіс көлемі 29663 гектарға жетіп, күзде 79 мың тонна күріш, 38 мың тонна көкөніс, 26 мың тонна картоп, 59 мың тонна бақша өнімдері жиналды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осы жылы күрішке 8800 тонна тыңайтқыш берілді. Сонымен қатар, шегірткеге қарсы 8665 гектар, күріштің жағалық шыбынына қарсы 2500 гектар жерге улау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мемлекет тарапынан жалпы аудан бойынша аудан диқандарына егін шаруашылығын дамыту бағытында 544 млн. 253 мың субсидия төленген.
Шаруашылықтар күзгі егін жинау және дала жұмыстарына қажетті 408 тонна жанармай, 4 мың тонна дизель отынымен қамтамасыз етілді.