Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АУЛАНҒАН БАЛЫҚТЫҢ 50 ПАЙЫЗЫ ЭКСПОРТТАЛУДА

АУЛАНҒАН БАЛЫҚТЫҢ 50 ПАЙЫЗЫ ЭКСПОРТТАЛУДА


    Аймақтағы су айдындарынан ауланған балықтың тең жартысы экспортқа шығарылып жатыр. Мұнан басқа, Сыр салысы, сиыр еті, бақша өнімдері де шетелге шығарылуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бахыт Жаханов мәлімдеді.
    Биыл экспортқа 100 тонна сиыр және 25 тонна қой еті шығарылмақ. Көкөніс, бақша өнімдерінің 2000 тоннасы сыртқа экпортталады. Сондай-ақ, Ресейге жоғары сортты қауын  жеткізілді.
    Облыстың экспорттық әлеуетін арттыру бағытында 2017-2020 жылдар аралығында жалпы құны 30 млрд. теңге көлеміндегі 99 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
    – Айта кету керек, біздің өңірде ет комбинаты жоқ. Бұған дейін Қазалы ауданынан ашу жоспарланған. Алайда, ирандықтармен кездесуден соң, ет комбинатын Қызылорда қаласында ашуға шешім шығарылды.
    Жалпы, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде биыл аграрлық секторға 9,3 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 2,3% артты, – деді басқарма басшысы.
    Осы жылы барлығы 181,1 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Негізгі дақыл – күріш көлемі 90,9 мың гектар. Ал, 97544 гектар дәнді дақылдар ораққа түсіп, одан 514,9 мың тонна астық өнімі алынды. Негізгі дақыл күріштен 502,5 мың тонна күріш салысы жиналды. Өткен жылмен салыстырғанда күріштің жалпы өнімінің көлемі 62,8 мың тоннаға артты.

02 қараша 2017 ж. 781 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области