Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Делмұханов Марат Нұрсайынұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
М.Делмұханов 1979 жылы туған. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «бухгалтер-экономист» және «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Батыс Қазақстан облысының экономика басқармасының бас маманы ретінде бастаған.
2002-2010 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты талдау-эксперттік бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, «Технопарк «Алгоритм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.
2010-2013 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2013-2017 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болған.
2017 жылдың маусым айынан бастап осы кезге дейін Кызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.