Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ақтөбе облысына әкім тағайындалды

Ақтөбе облысына әкім тағайындалды

Ақтөбе облысына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының жаңа әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Оңдасын Оразалин 1963 жылы туған.
1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1985-1986, 1987-1988 жылдары – Ақтөбе педагогикалық институтының оқытушысы.
1988-1990 жылдары – Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы.
1990-1993 жылдары – жарнамалық ақпараттық-коммерциялық агенттіктің бөлім бастығы.
1993-1999 жылдары – «Банк «Рика» ААҚ басқарма төрағасы.
1999-2000 жылдары – «Облтрансгаз» ЖАҚ, «Ақтөбегаз» ЖАҚ басқарма төрағасы.
2000-2003 жылдары – Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының әкімі.
2003-2004 жылдары – Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының бастығы.
2004-2005 жылдары – Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры.
2005-2006 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2008 жылдың наурыз бен қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2008-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.
2017 жылғы 22 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен (2008) және 3 медальмен марапатталған.
26 ақпан 2019 ж. 588 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области