Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


    Облыс әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Шиелі аудандық мәслихатының келісімімен Шиелі ауданының әкімі лауазымына Әшім Оразбекұлы тағайындалды.
    Ә. Оразбекұлы 1957 жылы туған. Пенза инженерлік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист» және Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «тау-кен инженері» мамандықтары бойынша бітірген.
    Еңбек жолын 1974 жылы Шиелі ауданындағы «Коммунизм» ұжымшарының жұмысшысы ретінде бастаған.
    1984-1992 жылдары Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының құрылысшы – бас инженері, Шиелі аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, «Облремстрой» тресінің Шиелі құрылыс-жөндеу учаскесінің бастығы.
    1992-2003 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Шиелі ауданы әкімінің кеңесшісі, «Құрылыс материалдары» акционерлік қоғамының президенті, Шиелі кентінің әкімі.
    2003-2011 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының №6 Кен басқармасы құрылыс бөлімінің басшысы, «Иіркөл» кенішінің бастығы.
    2012 жылғы қаңтар айынан бастап Шиелі аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келді.

31 қазан 2017 ж. 1 310 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области