Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Лагерьдегі балалардың демалысы қауіпсіз бе? (ФОТО)

Лагерьдегі балалардың демалысы қауіпсіз бе? (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Жазда балалардың тынығу лагерьлеріне барып, суда шомылып, жан-жаққа демалуына тамаша мүмкіндіктер туады. Бірақ ондағы қауіп-қатер де аз емес. Балалар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету – үлкендердің міндеті. Ата-аналар үйде баланың тыныштығын қорығанмен, демалыс орындарына кеткен баланың қауіпсіздігіне тиісті мекеме қызметкерлері жауап береді.

Айталық, Қызылорда қаласындағы «Арай-Санрайз» балалардың жазғы демалыс лагерінде 80 демалушыға 15 тәрбиеші қызмет етуде. Тәрбиешілер балалардың мәдени-көпшілік іс-шараларын ұйымдастыруымен қатар тәртібіне жауап береді. Ал балаларға төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік ережелерін сақтау шараларын кім үйретеді?
Осы мақсатта аталған демалыс орнында Қызылорда облысы ТЖД мамандары «Қауіпсіз жаз» шарасын ұйымдастырды. Оған Қызылорда облысы ТЖД мамандары, Жедел құтқару жасағының құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығы филиалының медицина қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысты.
Шара барасында балалар арасында судағы төтенше жағдайдың алдын алу және өрт қауіпсіздігін сақтау насихатталды, алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері үйретілді. Сондай-ақ, Құтқару құрал-жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылған.





26 шілде 2019 ж. 441 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области