Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жоғалып кеткен тұрғынның денесі табылды

Қызылордада жоғалып кеткен тұрғынның денесі табылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада үйінен шығып, қайта оралмаған 44 жастағы азаматтың мүрдесі каналдан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл азамат 22 шілдеде таңғы сағат 10.00 шамасында үйінен шығып кеткен. Отбасы мүшелері содан кейін ол азаматтан еш хабар ала алмаған.
«Осы мақсатта іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жедел-құтқару жасағының мамандары оның мүрдесін қала орталығындағы каналдан тапты», деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Айгүл Нұрманова.
Биыл жыл басынан бері Қызылорда облысында суға кеткендер саны 25 адамға жуықтады. Олардың ішінде 10-ы балалар.
Төтенше жағдайлар саласының мамандары суға түскенде сақ болуды ескертеді. Тұрғындарға арнайы белгіленген қауіпсіз аймақтарда суға түсуге мән беру тиістігін айтады. Сондай-ақ, балаларды бақылаусыз қалдырмау қажет екенін еске салады.

26 шілде 2019 ж. 346 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области