Жалағаш ауданында әуе апатынан қаза тапқандарға мемориалдық тақта орнатылды (ФОТО)
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы аумағында "Ми-8" тікұшағының бортындағы 13 қаза тапқан әскери қызметшілерге арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. Оған облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов пен ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, қайтыс болған жауынгерлердің туыстары мен достары қатысты деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
"Бейбіт заманда 13 сарбаздың қаза болуы – барлығымыз үшін ауыр қайғы. Сондықтан қаза тапқан азаматтардың отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Олардың есімдерін халық жадында мәңгі сақтауы үшін қаза тапқандардың құрметіне ескерткіш орнатып отырмыз", - деді облыс әкімі.
«Бұл сарбаздардың ғұмырлары қысқа болса да, өздерінің парыздарына адал болып, мағыналы өмір сүрді. Біз олармен мақтанамыз және олардың ата-аналарына осындай ұлдарды өсіргені үшін алғыс айтамыз. Қаза болған қызметкерлердің отбасыларына алдағы уақытта да жан-жақты көмек көрсетіледі. Әрине, бұл олардың қайғысын жеңілдетпейді, бірақ біз қолдан келген көмегімізді аямаймыз», - деді ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.
Ескерткіштің ашылуы рәсімінен кейін құрбан болғандардың рухына бағышталып ас берілді.
Еске салсақ, үстіміздегі жылдың 27 наурызында Қызылорда облысы Жалағаш ауданының маңында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған еді. Апат салдарынан 13 әскери азамат қаза тапқан болатын.
Мемлекет басшысы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының жарлығымен Ми-8 тікұшағының апаты кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің қызметтік борышын адал атқарғаны және ерлігі мен жанқиярлығы үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарымен марапатталды.