Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тікұшақ апатынан қаза тапқан Сабыр Тоқбаевтың артында жеті баласы қалды

Тікұшақ апатынан қаза тапқан Сабыр Тоқбаевтың артында жеті баласы қалды

Қызылорда облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан майор Сабыр Тоқбаевтың артында әйелі мен жеті баласы қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаза тапқан әскери қызметкердің бауыры Нұрлан Асылбаевтың айтуынша, ол Шымкентте дүниеге келіп, сонда тұрған. Әскери авиацияда қызмет еткен. Майордың артында әйелі мен жеті баласы қалды, кенже баласы - 3 жаста. Ақтауға іссапармен барған.
"Бокстан спорт шебері. Мейірімді болатын, барлығына көмектесетін, әскерден келген жастарды жұмысқа орналастыратын. Бірге өскен едік. Сабыр зейнетке шығайын деп жатқан болатын. Артында жеті баласы қалды, тұңғышы - 9-сыныпта, кенжесі - үш жаста. Төрт ұлы мен үш қызы бар", - дейді бауыры.
 
"Күнде таңертең жаңалықтарды оқимын. МИ-8 тікұшағының құлағанын естідім. Содан онда қаза тапқандардың аты-жөндерін қарай бастадым, онда Сабырдың есімі көрсетілмеді. Бірақ бір сағаттан соң маған онымен бірге қызмет еткендердің бірі хабарласып, жағдайды айтты. Қаза тапты дегенге сенбедік. Аты-жөні болған жоқ, тізімде көрсетілмеген. Аман қалған шығар деп үміттендік. Көлікпен немесе автобуспен барған шығар деп ойладық. Қазір жарының жағдайы нашар, әр жарты сағат сайын жедел жәрдемді шақыртып жатыр. Былтыр әкесі қайтыс болған еді, ал үш жыл бұрын анасынан айырылған болатын", - дейді Асылбаев.
Ол Сабыр Тоқбаевтың Шымкентте жерленетінін айтты. Бірақ, айтуынша, нақты күні әлі белгіленбеді, себебі бірнеше сараптама жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, Ми-8 тікұшағы 27 наурызда апатқа ұшыраған болатын.
"2019 жылдың 27 наурызында Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде. 4 тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған еді. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және "Алтын жебе" арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған", - делінген еді хабарламада.
Кейінірек тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден берілетіні айтылды.

29 наурыз 2019 ж. 518 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области