Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ми-8 апаты: қаза тапқан әскеридің бірі туыстарына хабарлама жіберген

Ми-8 апаты: қаза тапқан әскеридің бірі туыстарына хабарлама жіберген

Кіші сержант Асхат Абдулманат 1 қаңтардан бастап Талдықорғаннан Ақтауға ауысып барған.

27 наурыз күні Қызылорда облысында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағында болғандардың бірі — 37 жастағы талдықорғандық кіші сержант Асхат Абдулманат. 15 жыл отасқан жұбайы пен туғандары қазір қайғыдан қан жұтып, әлі де ес жия алмай отыр.
Марқұмның артында 4 баласы қалды. Үлкені 8-сыныпта оқыса, кенжесі енді ғана 4-ке толған. Асхат Абдулманат біраз жыл бойы Талдықорған қаласындағы әуе базасында келісімшарт негізінде жұмыс істеген екен, деп жазды Sputnik Қазақстан.
"Міне ұшып келе жатырмыз деп видеосын жіберген. Содан кейін хабарласпай қойды, "звондасақ" алмайды. Әскери адамдар кешкі сағат 11-де келіп хабарлап кетті. Баламның өліп қалғанына сенбеймін әлі, сенбеймін. 1 қаңтардан бастап Ақтауға ауыстырды деп кеткен. Содан, міне, екі-ақ айдың ішінде арманы мен мақсатына жете алмай кетті ғой, құлыным. Қайтем енді?!", — дейді қан жұтқан ана Сақыш Баймурзина (марқұм Асхат Абдулманаттың анасы).
Естеріңізге сала кетейік, Ақтаудан Шымкентке аттанған Қорғаныс министрлігіне қарасты МИ-8 тікұшағы Қызылорда облысында апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты. Шейіт болғандардың 12-сі Ақтаудағы 30153 әскери бөлімінде қызмет кеткен.

29 наурыз 2019 ж. 379 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области