Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған жерден 10 әскеридің денесі табылған

Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған жерден 10 әскеридің денесі табылған

Қызылордада Ми-8 тікұшағы құлаған жерде қаза болғандардың денесін іздеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 13 әскеридің әзірге тек 10-ның денесі табылған. Мамандар көп ұзамай тұлғаны анықтау процедуралары басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Марқұмдардың туыстары оқиға орнына жеткен, алайда оларды апат болған аймаққа жақындатпай отыр. Тікұшақ құлаған аймақ қоршауға алынып, іздеу жұмыстары жалғасуда.
«Мүмкіндігінше сараптама жүргізіп жатырмыз. Қазір ол жұмыстарды аяқтадық. Көптеген бөлшектер жеткізілді. Сараптама жүргізіп, мүмкіндік болса, анықтау жұмыстарын жүргіземіз», - деді Қызылорда облысы бойынша сот сараптамасы орталығы директорының орынбасары Рахымжан Әліп.
Қаза болғандардың туыстары болған оқиғаның шындық екеніне әлі сене алмай отыр.
Сырым Мәсәлімнің әкесі Мәлкей Иманғалиев күні кеше ғана ұлымен телефон арқылы тілдескен. Ол ұшуға дайындалып жатқан. Қайғыдан қан жұтқан әке ұлының суретін қолына қысып ұстап алған.
«Қаза болғанын кеше түнде хабарлады. Әлі сене алмай отырмыз. 2007 жылы әскери институтты аяқтап, Ақтауға жіберілді. Сене алмай тұрмын. Не болды екен?», - дейді ұлынан айырылған әке.
Тікұшақтың не себепті құлағанын әскери прокуратура анықтайтын болады. Тергеу қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз.

29 наурыз 2019 ж. 431 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области