Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тәтті нан өнімдері халық сұранысына ие

Тәтті нан өнімдері халық сұранысына ие

Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында «Медғат» тәттілері кондитерлік цехы бар. Шағын бизнесті дөңгелетіп отырған кәсіпкер Айнұр Дәуіржанова «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы өткен жылы 500 мың теңге алып, кәсібін бастаған.

Қайтарымсыз грант алған кәсіпкер түрлі тәтті өнімдерін шығарып, 3 адамды жұмыспен қамтыды. «Медғат» тәттілері бүгінде көптің сұранысына ие болуда.
Нан өнімдерін шығарумен айналысатын тағы бір наубайхана аудан халқына тәтті өнімдерін ұсынып келеді. Жеке кәсіпкер Айгерім Гаюпова ЖК «Гаюпова» шағын кәсіпкерлік нысанын ашып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Еңбек» бағдарламасымен 4 миллион теңге несие алған. 6 адамды тұрақты еңбекпен қамтыған ол күн сайын 4 дүкен, 5 балабақшаны нан өнімдерімен қамтамасыз етіп, халық сұранысын орындап отыр. Сонымен бірге күніне 15-20-ға жуық торт әзірлеп, саудалайды. Бүгінде ісі жолға қойылған цех екі ауысыммен жұмыс істейді.

01 тамыз 2019 ж. 944 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области