Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Келесі жылдан бастап санитарлық кітаптың қажеті болмайды

Келесі жылдан бастап санитарлық кітаптың қажеті болмайды

Kyzylorda-news.kz. Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен брифингте келесі жылдан бастап денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру аясында санитарлық кітаптың қажеті болмайды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Журналистер мұғалімдердің оқу жылы басталмай физикалық тексерістен өтетіні және санитарлық кітапшаны қашан тексеретіні туралы түсінік беруді сұрады.
«Мұғалімдер демалыста. Тамыз айында олар физикалық тексерістен өтеді. Содан кейін санитарлық кітапшаны алады. Біз мектептерде флюорографияға түскен-түспегенін тексереміз. Бірақ санитарлық кітаптар көбінесе ақшамен алынады, көп адам физикалық тексеруден өтпейді.
Бұл негізінен тамақтану саласында. Бірақ мұғалімдер бұл мәселеге саналы түрде қарайды. Олар физикалық тексеруден өтеді. Келесі жылы адамның физикалық тексеруден өткен-өтпегенін ЖСН арқылы тексеруге болады. Сіз оның қай емханаға тексерілгенін, қай дәрігерге қаралғанын және тағы басқаларын біле аласыз. Санитарлы қкітапша болмайды. Содан кейін біз санитарлық кітаптарды сатып алуға негіз жоқ болады деп үміттенеміз», - деп түсіндірді Бекшин.

02 тамыз 2019 ж. 936 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области