Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Санитарлық ережелер қайта қарауды талап етеді

Санитарлық ережелер қайта қарауды талап етеді

Kyzylorda-news.kz. «Атамекен» тамақтану саласында жүрген және азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпкерлерді осы саладағы өзгерістерді бірге талқылауға шақырады. Бұл туралы кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
«2017 жылы «Атамекен» бірқатар Қауымдастықтар мен сарапшылардың басын қосып, мемлекеттік қадағалаушы органдардың тексеру парақтарына тексеріс жасаған болатын. Соның арқасында кәсіпкерлерге деген қағидалао 58% төмендеген болатын(тексеріске дейін 30 497 болса, кейін 12 843). Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің 41 парағын тексеру арқылы 11 500 қағиданы 85% төмендеткен болатын. Яғни, тексеру парағында 1743 қағида қалды», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП атқарушы директоры Ербол Өстеміров.
Аталған тексеріс жұмыстарына дейін СЭҚ қызметкерлері тексеріс барысында кәсіпкерлерден 11 мыңнан астам қағида сұрайтын болса, қазір бұл 1 700-ге дейін төмендеді.
Дегенмен, санитарлық ережелер мәселесінде әлі де шешілмеген түйіндер бар. Соның бірі астаналық Happy Cake компаниясын тексеру барысында анықталды. Осы жерден тамақтанған бірнеше адамның уланғанын білесіздер. Алайда, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Департаментінің пікірі басқаша. «Кондитерлік өнімдерді өндіруші ретінде санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларының қолында жоқтығы» -Happy Cake компаниясына тағылып отырған басты айып.
Бұндай нысандар үшін кемінде 14 ғимарат керек екен. Ал, Happy Cake компаниясы Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Департаментіне өздерінің қоғамдық тамақтану орны ретінде ашылғандықтарын ғана хабарлаған.
"Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалар бойынша шағын өндірімділікті кондитер цехтарына қойылатын талаптарға бір көз жүгіртелік. Кремі бар кондитерлік өнімдердің бір күндік көрсеткіші 300 келіден аспаған жағдайда шағын кондитерлік цехтарда жұмыс істей алады екен. Ал, атышулы Happy Cakeтің кремді өнімдерінің күндік көрсеткіші 80-100 келі аралығында. Бұдан шығатын қорытынды – барлығы заң аясында.
Ербол Өстеміровтың айтуынша бұл жағдай санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қайта қарау керектігін көрсетсе керек-ті.
«Ешқандай да компания саналы түрде адамдарды улаумен айналыспайтыны түсінікті. Өмір бір орнында тұрмайды. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір бұл талаптардың өзгерері анық. Жаңа талаптар мен қағидалар, түрлі құрылғылар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды оң жағына өзгертетін болса, неге өзгертпесек, қайта қарамасқа? Тек, мемлекетке де, бизнес пен тұтынушыларға да тиімді болуын қадағалауымыз керек»-, деді Ербол Өстеміров.
Сондықтан да, Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерін бірігіп жұмыс істеуге шақырып отыр. Бұл барлық тараптардың қызығушылығын тудыратын мәселе.
Сұрақтарыңыз не болмаса ұсыныстарыңыз болса +7 (7172) 91 93 49 (Дәурен Сатқанбаев) нөміріне хабарласа аласыздар. Ұсынысыңызды электронды түрде жібергіңіз келсе d.satkanbayev@atameken.kz поштасына бағыттаңыз.
30 сәуір 2019 ж. 553 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области