Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Протон-М» зымыраны Байқоңырдан қашан ұшырылатыны белгілі болды

«Протон-М» зымыраны Байқоңырдан қашан ұшырылатыны белгілі болды

Kyzylorda-news.kz. Байқоңыр ғарыш айлағында кезекті «Протон-М» зымыран-тасығышының ұшырылымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік комиссия 2 тамыз күні ғарыштық мақсаттағы «Протон-М» зымыранын старттық кешенге шығару туралы шешім қабылдады. Ұшырылым 6 тамыз, сейсенбіге жоспарланған», - деп жазды Twitter-де Роскосмостың басшысы Дмитрий Рогозин.
Ғарыштық мақсаттағы «Протон-М» зымыраны Eutelsat бағдарламасы бойынша Байқоңырға бірнеше күн бұрын жеткізілген. Роскосмос корпорациясының құрамына кіретін М.В.Хруничев атындағы ғарыш орталығы «Протон-М» зымыранының құрамдас бөлшектері тиелген эшелон (тамымалдаушы зымыранның үш басқышы, үдемелі блок, ауыспалы жүйе және басты орай ағызғыш) «Протон» ғарыштық зымыран кешенінің техникалық кешеніне 2019 жылдың 31 шілдесінде 5 West B және MEV ғарыштық аппараттарын кластерлік ұшыруға дайындау үшін жеткізілгенін хабарлады.

02 тамыз 2019 ж. 382 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области