Елімізде тамыз айында ауа райы қандай болады
Kyzylorda-news.kz. Тамызда айында орташа ауа температурасы еліміздің солтүстік-батыс бөлігінде климаттық нормада, ал оңтүстік-шығыс бөлігінде нормадан 1°С жоғары болады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, орталық, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста нормадан төмен болады.
Бірінші онкүндікте циклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ жел күшейеді. Республиканың тек оңтүстігінде ғана күн ашық болады.
Бірінші онкүндікте батыста, солтүстік-батыста ауа температурасы 15-25 градус, солтүстікте 17-25 градус, орталықта 25-33 градус, шығыста 30-38 градус, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 30-38 градус болады.
Ал, айдың басында жылы ауа массаларының ауысына байланысты күн бұлттанып, ауа температурасы көтеріледі. Батыста, солтүстік-батыста температура 23-31 градус, солтүстікте 25-33 градус, орталық пен шығыста 33-39 градус, кей жерлерде 41 градусқа дейін ыстық болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста 33-39 градусқа дейін, кей жерлерде 43 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал.