АҚПАН АЙЫ ҚАРЛЫ БОЛАДЫ
Консультативтік болжамға сүйенсек, Атлантика мен Каспийдің оңтүстігінен циклондардың жиі өтуінен ақпан айы қарлы болады. Елдің солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейіп, қар жауып, боран соғады, оңтүстікте жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады.
"Суық ауа массаларының енуіне байланысты екінші онкүндіктің басы мен айдың соңында күн суытады. Ауа температурасы: солтүстік жартысында түнде 25…35 градус аяз, күндіз 15…25 градус; оңтүстік жартысында 10…20, күндіз 5…10 градусқа дейін төмендейді. Нәтижесінде Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында орташа айлық температура нормадан 1°С жоғары, қалған аумақта – нормаға жақын болады деп болжануда", — делінген хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше, жауын-шашынның айлық мөлшері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Алматы облыстарының таулы аудандарында нормаға жуық және одан көп, республиканың қалған өңірінде нормадан аз болады.
Sputnik