Қызылордалық полицейді ұрған бұзақылар ұсталды
Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы кафелердің бірінде бұзақылар полицейлерге бағынбай, соққыға жыққан.
Түнгі сағат 03:30 шамасында полицияның кезекші бөліміне облыс орталығындағы кафелерінің бірінен хабарлама түскен. Онда жас жігіттер төбелес шығарып, қоғамдық тәртіпті сақтамаған.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлеріне белгісіз адамдар олардың заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетіп, дене жарақаттарын салған.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, құқық бұзушылардың әрекеттеріне тосқауыл қою мақсатында полиция қызметкерлері табельді қару қолдануға мәжбүр болған.
Жедел шаралар барысында оқиға орнында 4 адам ұсталынып, олардың барлығы жас шамалары 25-30 аралығындағы облыс тұрғындары екені анықталды.
Аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық Полиция басқармасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабының 1-бөлігімен (бұзақылық) және 380-бабымен (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.
Қазіргі уақытта ұсталғандардың біреуі Қызылорда қалалық полиция басқармасынының уақытша ұстау абақтысына оқшаландырылып, қалғандарына қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралуда.
Полиция қызметкерлерімен табельдік қару қолдану дерегіне құқықтық баға беру үшін Полиция департаментімен қызметтік тергеу жүргізілуде.