Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорданың тартуы: Депутаттар Түркістандағы моншаның құрылысымен танысты (ФОТО)

Қызылорданың тартуы: Депутаттар Түркістандағы моншаның құрылысымен танысты (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Түркістан тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының қасиетті мекені. Түркістан - сан ғасырлық адамзат шежіресінің куәгері және өркениет жауһары. Қазіргі таңда 1500 жылдан аса тарихы бар көне қаланың жаңа келбетіне сән берер әсем ғимараттар бой көтеруде. Солардың бірі шығыс үлгісіндегі монша құрылысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл монша Қызылорда облысының атынан Түркістанға тарту болмақ.
Бұл тарихи қаланың келбетіне көрік беретін шығыс моншасы – тарихи сәулет үлгісінде салынады. Құрылыстың мердігері «Бақ-Береке» ЖШС.
Аталған серіктестіктің бас директоры, құрылысшы-депутат Қайрат Ерназаровты қолдау мақсатында қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова бастаған бір топ депутаттар Түркістан қаласында болып қайтты. Олар құрылыс басында болып, моншаның құрылыс жұмыстарымен танысты.
Шығыс үлгісіндегі монша ғимаратының аумағы 3000 шаршы метрден асады. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.





06 тамыз 2019 ж. 341 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области