Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚР мәслихаттарына 25 жыл толуына орай спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды

ҚР мәслихаттарына 25 жыл толуына орай спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық мәслихатының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы мәслихатының 25 жылдығына арналған спорттық ойындардан қалалық спартакиада өтті. Оның ашылуына қатысқан қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов қалалық мәслихаттың барлық 25 жылдағы I-VI шақырылым депутатарына қала әкімі Н.Нәлібаевтың арнайы құттықтауын жеткізді.
Аталған спартакиадаға қаладан сайланған облыстық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшелері, қала әкімдігінің командалары қатысты.
Сонымен қатар, бұл спартакиаданың ерекшелігі қалалық мәслихаттың 25 жыл тарихындағы сайланған бірінші шақырылымнан бастап алтыншы шақырылымға дейінгі аралықтағы депутаттар да белсенділік танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша шағын футболдан «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы І орынды жеңіп алды. Ал, қалалық мәслихаттың I-V шақырылым депутаттарынан құралған команда ІІ орынды, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы ІІІ орындарды иеленді.
Волейбол ойыны бойынша І орынды қалалық мәслихаттың I-V шақырылым депутаттары командасы, ІІ орынды Nur Otan» партиясының облыстық филиалы, ІІІ орынды Қызылорда облыстық мәслихатының командасы алды.
Үстел теннисі сайысы бойынша І орынды Мәнтай Сүйіндік, ІІ орынды Мұрат Мұханов (қалалық мәслихат аппараты), ІІІ-орынды Мэлс Қосмамбетов (облыстық мәслихат) иеленді.
Шахмат ойыны бойынша қалалық мәслихаттың депутаты Ли Илларион І орынды иеленсе, қалалық мәслихаттың хатшысы Роза Боханова ІІ орынның иегері атанды. Жүлделі ІІІ орынды облыстық мәслихат командасының мүшесі Бақыткүл Баекеева алды.
Тоғызқұмалақ ойынының қорытындысымен І орынды қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова жеңіп алды. ІІ орынды қала әкімдігінің қызметкері Жамал Бозова иеленсе, қалалық мәслихат командасының мүшесі Қуандық Ақгүл ІІІ орынды иеленді.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының алғашқы мәслихат сайлауы 1994 жылы 7 наурызда өткізілген.
Қазір еліміздегі түрлі деңгейдегі мәслихаттарда 3300-ден астам депутаттар болса, оның ішінде Қызылорда облысындағы жергілікті мәслихаттарда 145 депутат бар, оның 29-ы облыстық, 19-ы Қызылорда қалалық мәслихат депутаттары. Әрбір қалалық мәслихат депутатының сайлау округінде 10 мыңнан астам сайлаушысы бар. Бүгінгі таңда әрбір депутаттың өз сайлау округіндегі тұрғындармен тығыз байланысы қалыптасқан деуге толық негіз бар.
22 сәуір 2019 ж. 635 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области