ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 18 СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Кеше облыстық мәслихаттың кезектен тыс 18 сессиясы қарсаңында депутат Т.Кенжебаев төрағалығымен өткен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен «Нұр Отан» партиясының мәслихаттағы депутаттық фракциясының бірлескен отырысы өтті. Онда, сессия күн тәртібіндегі мәселелер егжей-тегжейлі қаралып талқыланды.
Одан соң, кезектен тыс 18 сессиясы мәслихат хатшысы Н.Байқадамовтың төрағалығымен өз жұмысын әрі қарай жалғастырды. Сессия жұмысына облыс әкiмi Қ.Көшербаев, облыс әкiмiнiң орынбасарлары мен кеңесшілері, облыс әкiмi аппараты мен облыстық мәслихат аппаратының басшылары, құқық қорғау органдары, облыстық мемлекеттік мекеме басшылары, қала әкімі, қалалық және аудандық мәслихат хатшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысты.
Күн тәртібіне 7 мәселе шығарылды. Негізгі мәселе «2018-2020 жылдарға арналған облысытқ бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №157 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаралды.
Депутаттар тарапынан тиісті ұсыныстар айтылып, шешімдер қабылданды.