Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХ СЕССИЯСЫ ӨТТІ


    Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясының ХХ сессиясы өтті. Оған облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері, зиялы қауым өкілдері, облыстық, қалалық депутаттар, үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен белсенділері, оқу орындарының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
    Сессия жұмысы мемлекеттік Әнұранмен басталды. Сессияның күн тәртібінде «Тәуелсіздік және Қазақстан халқы Ассамблеясы: ХХV сессия қорытындыларынан туындайтын міндеттер мен мақсаттар», облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарын бекіту мәселелері қаралды.
    Тәуелсіздіктің 26 жылдығы қарсаңында өткізіліп отырған сессияны облыс әкімі, облыстық ассамблея төрағасы Қырымбек Көшербаев ашты.
    Жиын барысында облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қуаныш Дәуренбеков, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, педагог-психолог, аудармашы Сымбат Әбдірахманова, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, неміс этномәдени бірлестігінің белсендісі Мария Семеникина, «Славяне» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова, татар этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі, меценат Венера Гафурова, Шиелі ауданының «Ұлт бірлігі» этнобағытталған бірлестігінің белсендісі, кәсіпкер Ида Цой, Сырдария аудандық «Мәңгілік ел» клубының мүшесі Николай Лавров және Шиелі аудандық «Мәңгілік ел» клубының мүшесі Диас Нұрбаевтар елімізде орын алып жатқан соңғы өзгерістер төңірегінде және бейбітшілік пен келісімді нығайту жайлы ой-пікірлерімен бөлісті. Мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен жүргізіліп жатқан реформаларды қолдап, рухани жаңғыру жолында аянбай еңбек етуге шақырды.
    Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыстық ҚХА мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен, бірнеше азамат Ассамблеяның Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.
    Сонымен қатар, аймақ басшысы сессия барысында өңіріміздегі мемлекеттік этносаясатты дамытуға елеулі үлес қосқан этномәдени бірлестік жетекшілеріне Алғыс хат табыс етті.
    Алқалы жиын Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концертке ұласты.



14 желтоқсан 2017 ж. 1 365 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области