Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » БЮДЖЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК СИПАТЫ БАСЫМ

БЮДЖЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК СИПАТЫ БАСЫМ


    2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
    Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 16-сессиясы өтті. Оған облыс әкімінің міндетін атқарушы Қ.Ысқақов қатысты. Алдымен тұрақты комиссиялар мен «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының бірлескен отырысында депутаттар бюджеттегі қосымша қаржыны, сатып алулардан үнемделген ақшаны қайта бөлуді талқылады.
    Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы С.Құлымбетованың айтуынша,  қосымша 2,5 млрд теңге Қызылорда жылу электр орталығына мазут алуға, «Қазсушар» РМК «Арал» салынып жатқан құрылыстар кәсіпорны филиалының қызметін субсидиялауға бағытталмақ. Оған қоса Шиелі және Арал аудандық орталық ауруханалары, Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үй құрылыстарына жұмсалады.
    Сессия қорытындысында облыстық бюджетке енгізілген өзгертулер мен толықтырулар мақұлданды. Бүгінгі күні аймақ бюджеті 220 млрд теңге болса, оның   67 пайызы әлеуметтік саланың мәселелерін шешуге бағытталған.  

07 желтоқсан 2017 ж. 657 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области